Accessibility links

Осыдан бір жыл бұрын Солтүстік Осетиядағы Беслан орта мектебінде болған терактте қаза тапқан балалардың аналарынан тұратын шағын топ бүгін Кремльде президент Путинның қабылдауында болды


В.Путин Солтүстік Осетия елбасы басқарып барған ол 4 анамен және теракттен зардап шеккен азаматтармен келіссөздер жүргізді. Бесландағы ұшақ алаңынан Мәскеуге аттанар алдында Бесландық аналар комитетінің жетекшісі Сусана Дудиева тілшімізге былай деген болатын:

«Біз президентпен кездесуде, ол терактқа кінәлі адамдарды анықтап, жазалануын және бүкіл әлемге ол қасірет жөніндегі шындықты түгел айтылуын талап етеміз».

Бесланда өткен жылы мектепте болған ол терактте 1100-дей адам кепілдік тұтқынға алынып, құтқару операциясы кезінде 331 адам қаза тапқан болатын. Олардың тең жартысы балалар еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG