Accessibility links

АҚШ-тың оңтүстік аймағында, әсіресе Нью Орлаен қаласындағы су басқан аудандарда 10 мыңдаған адам сусыз, азық-түліксіз, электр қуатынсыз аса қиын жағдайда тұрып жатыр


Бұл аймаққа дүйсенбі күні жеткен «Катрина» дауылына дейін 1 млн-нан астам тұрғын өз қоныстарын тастап шыққан болатын. Бірақ, кетіп үлгере алмаған жандар саны он мыңдап есептеледі. Су астында қалып қаза тапқандардың анық дерегі болмағанымен, олардың өзі бірнеше мың болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Луизиана штатының әкімі жариялағанындай, заңсыздық жайлай бастағандықтан Ұлттық жасақтарға қылмыс жасаған ұры, тонаушыларды табан астында атуға рұхсат беріп отыр. АҚШ президенті Буш апатты аймақтағы қалыпты тіршілік - өмірді ретке келтіру үшін айлар, тіпті жылдар қажет болады дегенді айтты.

«Бұл аймақты қайта тіктеу шаралары ұзаққа созылар. Ол үшін үлкен жұмыс және шыдамдылық, сабыр-тағат қажет болады. Үлкен қаржы керек. Федералдық үкімет өз тарапынан қолдан келген көмегін береді, бірақ жергілікті жекеше сектор да қарап тұрмауы лазым», - деді АҚШ президенті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG