Accessibility links

Бүгін Беслан трагедиясының бір жылдығын атап өтуге арналған еске алу күндері аяқталады


Беслан аналары комитетінің жетекшісі Сюзанна Дудиева Мәскеуден оралған соң журналистер алдында, Кремльде президент В.Путинмен болған кездесудің аса бір ауыр жағдайда өткенін, алайда мұның өзі қасіретті жандар үшін маңызды қадам болғанын атап көрсеткен. Ол өз тобы Бесландағы 330 адамның, басым бөлігі балалардың, өліміне соқтырған оқиға үшін президент Путин жеке жауапты деп санайды дейді. Путин Беслан трагедиясы толық тексеріліп, оған жауапты шенеуніктер анықталады деп уәде етті. Ол сондай-ақ бірде-бір үкімет өз халқын тероррдан толық қорғай алып отырған жоқ дегенді де атап өтті:

«Менің алдымен айтарым, мемлекет өз азаматтарын қорғай алмайды дейтіндермен келісемін, өкінішке қарай, бұл тек біздің ғана мемлекетімізге қатысты емес».

Аналар 2004 жылдың 1-қыркүйегінде Ресей әскерлері Шешенстаннан шығарылсын деген талаппен Беслан мектебін басып алған көтерілісшілер оқиғасын президентпен кездесіп, талқылауды талап еткен болатын. Беслан аналары екі күн өткеннен кейін кепілдікке алынғандарды босатамыз деген мақсатпен ғимаратқа Ресей арнаулы күштерінің жасаған шабуылын айыптайды. Беслан трагедиясының құрбандарына арналған ескерткіш монумент те бүгін ашылады.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG