Accessibility links

Кавказдағы Беслан қаласында және Ресейдің өзге ондаған қаласында жергілікті уақытпен сағат 13-тен 5 минут өткенде былтыр теракт кезінде қаза тапқан 331 бесландықтың рухына арнап 1 минуттық үнсіздік жарияланды


Шіркеулерде 331 рет қоңырау соғылса, Владивосток қаласында аза тұтушылар аспанға 331 ақ шарды әуелетті. Аза тұту рәсімі 3 күнге жалғасты. Кеше президент Путин Беслан аналары комитетінен шағын өкілдер тобымен кездесіп, өткен бір жыл ішінде ол лаңкестік шабуылы бойынша атқарылған шаралар жөнінде пікір бөлісті. Аналар комитеті өкілінің айтуынша, В.Путин Беслан терактісі кезінде жіберген өз қатесін, кінәсін мойындапты. Президент бүгін Қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен болған мәслихатта Бас прокуратурадан аналар комитеті ұсынған талап-арыз негізінде, Беслан терактісі бойынша түбегейлі зерттеу жүргізуге бұйрық берді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG