Мұндай мәлімдемені генерал Еран Офир Израил радиосы арқылы жасаған. Палестин басшысы Махмұд Аббас бейбіт жағдайдағы келіссөздер Израилдың кетуі толық аяқталған соң қайта басталатын болады деген. Аббас Палестин мемлекеті келесі жылы құрылады деп үміттенемін дейді. Израил Газа секторындағы 21 қонысын тамыз айында шығарып, 38 жыл бойы жағалауды басып алып, бақылауда ұстаған әрекеттеріне нүкте қойған еді.