Accessibility links

Газа аймағы мен Израиль арасындағы шекараны Мысыр әскері күзете бастайды


ТЕЛЬ-АВИВ. Израиль қорғаныс министрілігінің мәлімдеуінше, Мысыр әскері Газа аймағымен арадағы шекара күзетіне таяу күндері, тіпті бүгін кірісуге тиіс. Газа мен Израиль шекарасының ені 14 шақырым болатын осы бөлігін күзетуді Мысырдың құзырына беру – Израиль басып алған Газадан еврей қоныстарын көшірудің маңызды құрамдас бөлігі. Өткен айда Газадан 21 еврей қонысы көшірілді. Өткен аптада қол қойылған екі жақты келісімге сәйкес, Газа мен Израиль арасындағы шекараның Газа жағына Мысыр өзінің 750 жауынгерін орналастыруға тиіс. Мысырлықтар жерасты туннельдері арқылы Газаға қарай бағытталған қару-жарақ контрабандасына тосқауыл қоюы керек. Израиль күштері Газадан қыркүйектің ортасына қарай толық шығарылады.
XS
SM
MD
LG