Accessibility links

Ауғанстандағы парламент сайлауы жақындаған сайын тәліптердің шабуылдары үдей түсті


КАБУЛ. Ауғанстанда тәліп қалдықтары жүзеге асырған бірнеше шабуылдан 8 полиция қызметкері оққа ұшып, парламент сайлауына түсетін үміткер ауыр жараланды. Гельманд өлкесінен ұсынылған үміткердің үйі сыртында бүгін бомба жарылып, аураханада оның бір аяғын кесіп тастауға тура келді. Тағы осы өлкеде жергілікті полицияның бастығы мен оның 3 үзеңгілесіне және бір туысына тасадан шабуыл жасалып, мерт болды. Кеше Забуль өлкесінде АҚШ-тың әскери базасына жүк таситан автокеруенді күзеткен тағы 3 полицей оққа ұшты. Ауғанстанда 18 қыркүйекке белгіленген парламент сайлауы жақындаған сайын тәліптердің қастандықтары да өрши түсуде.
XS
SM
MD
LG