Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасы мәселесінің Қауіпсіздік Кеңесінде қаралуына Кремль қарсы


МӘСКЕУ. Бүгін Ресейдің сыртқы істер министрлігі Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беруге Мәскеудің қарсы болатынын мәлімдеді. Мәлімдемеде “...халықаралық МАГАТЭ агенттігі белсенді әрі жемісті іс атқарып жатқанда, Ресей ол мәселені Қауіпсіздік Кеңестің қарауына берудің ешқандай себебін көрмей отыр” делінген. Иранмен келіссөз жүргізіп келген Англия, Германия және Франция егер Теһран уранды байыту өндірісін жаппаса, оның ядролық мәселесі бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Қарар қабылдауын талап ететіндерін ескертті. Бірақ соған қарамастан бүгін Иран өкілі “Теһран кез-келген халықаралық қысымға қарсы тұруға дайын” деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG