Accessibility links

Косово аймағының президенті ауыр дертке ұшыраса да, тәуелсіздік алмайынша биліктен кетпейді


ПРИШТИНА. Косово аймағының президенті Ибраһим Ругова бүгін өзінің өкпесінен ісік табылғанын, бірақ биліктен кетпейтінін мәлімдеді. Теледидардан осы жайтты хабарлағанда Ругованың әбден жүдеп, әлі кеткені байқалды. Өз сөзінде ол дертке шалдығуына қарамастан, Косово аймағының Сербиядан тәуелсіздік алуына қол жеткізгенше биліктен кетпей қызмет ететінін мәлімдеді. Косовоның келешегі бойынша келіссөздің басталатын мезгілі тақап қалды. Сербияның құрамдас бөлігі болып табылатын Косовоны 1999 жылдан бері БҰҰ-ы басқарып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG