Accessibility links

Кремль “Беслан трагедиясына” байланысты барлық айыптыны шынында да жазаға тартқысы келе ме?


БЕСЛАН. Ресей президенті В.Путиннің нұсқауына сәйкес, Беслан трагедиясын тергеудің барысын тексеру үшін бүгін Ресейдің Бас прокуратурасының тергеушілер тобы Солтүстік Осетияға ұшып шықты. Тергеушілер террористік шабуылдан жапа шеккендермен, жергілікті тұрғындармен және “Беслан аналары” комитетінің мүшелерімен кездесуге тиіс. Радиотыңдаушыларымыздың есціне сала кетейін: өткен жылдың 1-3 қыркүйегінде Беслан мектебін лаіңкестер басып алып, кепілдік түскендерді босату операциясы кезінде 331 адам, оның ішінлде 186 оқушы құрбан болды. 3 күндік аза тұтуға байланысты Солтүстік Осетияда жаңа оқу жылы бүгін ғана басталды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG