Accessibility links

Астана Дағыстанға жасалған шабуылға қатысы бар бір күдіктіні Ресейге ұстап берді


МӘСКЕУ-АСТАНА. Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі өкілінің бүгін хабарлағанындай, Қазақстанның құқық сақшылары Ресейдің оңтүстігінен шыққан Руслан Чагилов деген күдіктіні тұтқындап, оны Мәскеудің сұрауы бойынша Ресейге тапсырды. Оның айтуына қарағанда, Қарашай-Шеркес республикасынан шыққан Чагилов – Чешенстанда қопару ісіне оқытылып, 1999 жылы чешен жасақтарының көрші Дағыстанға жасаған шабуылына қатысты деген күдік туып отыр. Өткен бейсенбіде Мәскеудің қолына тапсырылған Чагилов “Әл-Қаидамен” тығыз байланысы болған 2 адаммен жақсы байланыста болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG