Accessibility links

Индонезиялық “Боинг-737” ұшағының бүгінгі апатынан 117 адамның 6-уы аман қалды


ДЖАКАРТА. Индонезия баспасөзінің бастапқы хабары бойынша, Суматра аралындағы Медан қаласының әуе жайында Джакартаға қатынайтын “Боинг-737” ұшағының бүгінгі апатынан ондағы барлық 117 адам түгел қаза болды және ұшақ құлаған жерде де бірнеше адам құрбан болған тәрізді. Бірақ Батыс ақпарат агенттіктерінің соңғы сәттегі мәліметіне қарағанда, ұшақтағы 6 адам аман қалған сияқты. Ұшақ әуе жайдан көтеріле берген сәтінде тұрғын жайға құлап өртенген. Медан – Индонезияның үшінші үлкен қаласы.
XS
SM
MD
LG