Accessibility links

ЕҚЫҰ Тәжікстандағы тәуелсіз баспасөздің ахуалына қатты алаңдайды


ДУШАНБЕ. Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз құралдары бойынша өкілі Миколаш Харажти Тәжікстандағы тәуелсіз апарат құралдарының жаппай жабылуына алаңдаушылық білдірді. Тәжікстанның сыртқы істер министрі Талбак Назаровқа жолдаған хатында Харажти ресми Душанбені елдегі осы ахуалды түзеуге шақырды. Еуропалық ұйымның өкілі, сондай-ақ, тәжік үкіметін тәуелсіз басылымдарды тіркемей отырғаны үшін сынға алды. 2006 жылы президент сайлауы өтетін Тәжікстанда журналистерге қысым көрсету етек жайып барады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG