Accessibility links

Апатқа ұшыраған “Боинг-737” ұшағының 10 жолаушысы мен 5 ұшқышын Құдай сақтап қалды


ДЖАКАРТА. Индонезияның Суматра аралындағы Медан қаласының әуе жайында Джакартаға қатынайтын “Боинг-737” ұшағының бүгінгі апатынан жолаушылардың басым көпшілігі және ұшақ құлаған аумақтың 30-дай тұрғыны құрбан болды. Аты-жөнін атамаған “Мандала” әуе компаниясы өкілін сілтеп көрсеткен “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, 112 жолаушының 10-ы және ұшақ командасының 5 мүшесі түгел аман қалған. Ұшақтың құйрық жағында отырған жолаушылар аман қалған көрінеді. Медан қаласының әуе жайы – қаланың орталығына жақын, халық көп тұратын ауданда орналасқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG