Accessibility links

АҚШ әскері Ираққа шетелдерден келіп жатқан лаңкестердің жолын бомбалады


БАҒДАД. АҚШ-тың әскери теңіз ұшақтары Ирақтың Бағдадтан 300 шақырымдай қашықтықтағы Қарабила қаласы маңындағы 2 көпірге бомба тастады. Ирақтың Сирия шекарасына жақын орналасқан қаласының бірі - Қарабила – Бағдад пен басқа қалаларда террористік шабуылдарды жүзеге асырып жатқан шетелдік лаңкестердің басты өткелі болып саналады. Бүгін, сондай-ақ, Әл-Халидия қаласында жол бойындағы бомбаның жарылысынан 4 Ирақ жауынгері опат болып, 5-еуі жарақаттанды. Мосул қаласында көтерілісшілер 2 күрд жауынгерін оққа ұшырды, Ирақ күштері 13 көтерілісшіні қолға түсірді.
XS
SM
MD
LG