Accessibility links

И.Кәрімовтің режимін құлатқысы келгендер шынында да Қырғызстанның оңтүстігін “базаға” айналдарды ма?


ТАШКЕНТ. Өзбек тергеушілері мамыр айында Әндіжанда үкіметке қарсы көтерілген халық толқуына байланысты айыпталушылардың алғашқы 15-сі сотталатынын мәлімдеді. Ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні тергеушілер парламент комиссиясына Әндіжандағы толқуға байланысты тағы 109 адамның ісі тергеліп жатқанын хабарлаған. Олардың мәлімдеуінше, “Өзбекстанның ислам қозғалысы”, “Хизб-ут-Таһрир” және “Акрамия” сынды 3 ислам тобы Өзбекстан үкіметін басып алу үшін Қырғызстанның оңтүстігін “база” ретінде пайдаланған. Сот процесі 20-сыншы қыркүйекте басталуға тиіс. Адам құқын қорғаушылардың есебі бойынша, үкімет әскері Әндіжанда 700-ден аса халықты қырды, ал ресми биліктің мәлімдеукінше, 187-і адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG