Accessibility links

Украина президенті Польшаға баратын сапарын кейінге қалдырып, өз үкіметімен ауыр кеңес өткізді


КИЕВ. Өткен сенбі күні мемлекеттік хатшы Олександр Зинченконың президент маңайындағы лауазымды тұлғаларды жемқор деп айыптап, қызметінен кетуінен кейін бүгін Украина президенті В.Ющенко үкімет мүшелерімен ауыр мәжіліс өткізді. Кезінде ол “ең басты мақсатымның бірі - сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес” деп билікке келген болатын. Бүгін Украина парламентінің спикері В.Литвин оның жаңа сессиясын “В.Ющенконың үкіметі “жаңа тәсілмен” іс атқарып жатқандай көрінгенімен, іс жүзінде бұрынғы президент Л.Кучманың режимінен айнымайды” деген өткір сын пікірімен ашты.
XS
SM
MD
LG