Accessibility links

Кеше Қырғызстанның бұрынғы үкіметбасы Николай Танаев тұтқындалды


Оған ұйымдасқан сыбайластығы үшін тергеу-тексеру жүргізіліп жатқан болатын. Прокурорлар Н.Танаев елден шықпау туралы нұсқау алғанына қарамастан, қашып кетпекші болған, ол Қазақстан шекарасына жақын жерде ұсталды дейді. Алайда, Танаевтың адвокаты Максим Максимович бұрынғы премьердің жасырынып қашу ойы болған жоқ дейді:

«Оның бір ғана қатесі – тергеушілерді ескертпегені, ол өз жұмыстарымен бір күнге Алматыға барып келмекші болған еді, ол тіпті заттарын да алмаған».

Танаев өз үкіметі құлатылған соң, Қырғызстаннан кеткен болатын, бірақ өткен айда өзіне тағылып жатқан айыптар бойынша жауап беруге елге қайтып келген-ді. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығаруға тырысуда.
XS
SM
MD
LG