Accessibility links

Тәуелсіз комиссияның жетекшісі Пол Волкер "Азық-түлік үшін мұнай" бағдарламасының Ирақтағы сыбайластық жемқорлығы үшін БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан мен ұйымның шетелдердегі агенттіктерінің өкілдері кінәлі деп санайды


«Мұнда істің бәрін кейінге қалдыру немесе мүлде шешім қабылдамай қою тұрақты орын алып отырған. Әкімшілік құрылым және Секретариат тәжіибесінің шарттары мен кейбір агенттіктердің жұмысы олардың қиындықтан шыға алмағандығын көрсетті», - деп атап өткен комиссия басшысы Пол Волкер.

Кофи Аннан кемшіліктер үшін жауапкершілікті өзіне алып, жеткілікті қырағылық таныта ала алмағандығын атап өтті. Ол, сонымен қатар, аталған бағдарлама Ирақ тұрғындарына көп қолдау көрсетті және қаруланудың тоқтатуына әсер етті деді. К.Аннан алынған мәліметтер келесі аптада өтетін жоғары дәрежелі кездесуде БҰҰ-ның басқару жүйесінде реформа жасау қажеттігін байқатады деп келісті.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG