Accessibility links

Катрина дауылынан зардап шеккен аймақтарға Еуропадан көмектерді жеткізуге көмектесуді АҚШ елбасы Джордж Буш НАТО-дан сұрап отыр


Ұйымның әскери сарапшылары әрекеттердің жоспарын да жасауда. Кеме арқылы жүк тасу да пайдаланылмақшы. Апаттан кейінгі жағдайды қалпына келтіру ісіне қажетті қосымша қорға 50 миллиард доллар бөлуді Конгрестен сұрайтындығын АҚШ елбасы Буш айтты. Қалада қалған азаматтар жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкін деген қорқынышпен Нью Орлеан мэрі Рей Нагин полиция мен солдаттардың оларды күшпен қаладан шығаруына бұйрық берді. Қалада әлі 10 мыңдай адам қалып отыр екен. Ресми өкілдердің айтуынша, лас суды қолданулары себепті үш адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG