Accessibility links

Украина елбасы Виктор Юшенко елдегі үкімет құрамын тұтас таратты


Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысын қызметінен босатты. Елбасы Днепропетровск облысының әкімі Юрий Иехануровты үкімет басшысының міндетін атқарушы ретінде тағайындағанын мәлімдеді. Юлья Тимошенконың үкіметін “ортақ командалық рух орната алмады” деп кіналады. Бұл мәлімдемеден бұрын үкіметтің үш ірі мүшесі орындарынан өз еріктерімен кеткен болатын. Бұл әрекеттерге жоғарғы лауазымды билік иелері арасында ұйымдасқан жемқорлықтың кең қанат жаюы себепші болған. Сондай-ақ Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы Олександер Турчинов та қызметінен кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG