Accessibility links

АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейни «Катрина» дауылынан зардап шеккен аймақта сапарда жүр


Миссисипи штатында болған ол, мұндағы құтқару шараларына қолдау танытуға келгендігін айтты. Су басқан Нью Орлеанда полиция үй-үйді аралап, қалып қалған тұрғындарды шығарып, олардың басқа жаққа кетулеріне күш жұмсауда. Қанша адамның апат құрбаны болғаны әлі де нақты белгілі емес. Баспанасыз қалған жүздеген мың адам уақытша баспаналарға орналастырылып жатыр. Ал Вашингтоннан соңғы түскен хабарларға қарағанда, АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы президент Буштың "Катрина" дауылынан зардап шеккен аймақтағы құтқару және қалпына келтіру шараларына 51 миллиард 800 миллион доллар бөлу туралы өтінішін мақұлдаған. Бұл төтенше қордан беріліп отырған екінші транш, мұның алдында 10 миллиард доллар да осы мақсатқа бөлінген болатын. Сенат бұл шешімді бүгін дауысқа салады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG