Accessibility links

Украина президенті Виктор Ющенко Юлия Тимошенконың үкіметін отставкаға жіберді


Ющенко өзінің мұндай шешім қабылдауына әкімшілік ішіндегі айтыс-тартыстың себеп болғандығын айтты:

«Мен күн сайын жалғасқан дау-дамайға куә болып келдім, мұнан соң түрлі мәселелер бойынша ауызбіршілік болмады, мемлекеттік саясаттың негізіне нұқсан келтірер шым-шытырық әңгімелер өріс алды».

Премьер-министр міндетін атқарушы болып Днепропетровск аймағының губернаторы болған Юрий Ехануров бекітілді. Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Турчинов та қызметінен босады. Украинадағы саяси дағдарыс өткен аптада мемлекеттік хатшы Зинченконың жоғары лауазымды шенеуніктердің бірқатарын жемқорлығы үшін айыптап, өз қызметінен кеткен соң етек алған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG