Accessibility links

Египет елбасы ел басында отыз жыл отырмақ


Египетте сәрсенбі күні өткен тұңғыш баламалы президенттік сайлауда жеңіске қазіргі президент Хосни Мубарак жетті. Египет президенті алты жылдық мерзімге бесінші рет өтті, сөйтіп ол билік басында ұзын саны 30 жыл отырмақ. Бұрынғы сайлауларда балама кандидаттар ешқашан болмаған. Осы жолғы сайлауда президентікке он адам таласты. Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар науқан кезінде жаппай бұрмалаушылық орын алды, Хосни Мубаракты жақтайтын дауыстар ақша сатып алынды дейді. Бас оппозициялық кандидат, екінші орынға шыққан кандидат Айман Нұрдың шағымын сот орынсыз деп тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG