Accessibility links

Нью-Орлеан қаласында 200-ден астам азамат қамауға алынды


Нью-Орлеан қаласында "Катрина" дауылынан соң тиісті жұмыс одан сайын жалғасып жатыр. Адам шығыны болжамдарға қайшы 10 мың адам емес, әлде қайда аз болуы мүмкін деген үміт үлкен. Полиция бастығы Эдди Компасс қалада бақылауды қалпына келтірдік, соңғы күндерде 200-ден астам азаматты қамауға алдық деді. АҚШ президенті Джордж Буш апталық радиоүндеуінде апат құрбандарына барша ел азаматтары қолдау көрсетеді деді. АҚШ әскерінің өкілдері Нью-Орлеан қаласын басып кеткен су қазан айының соңына таман шығарылады деген жаңа есебін жариялады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG