Accessibility links

Ирақта көтерілісшілерге қарсы шабуылдар үдейе түсті


Ирақ және батыс бірлестігінің әскерлері Тәл Афар қаласында көтерілісшілердің бекіністеріне қарсы шабуылдарды үдейте түсті. Ирақ қорғаныс министрі шамамен 150 көтерілісші өлтірілді деп айтты, бұл мәлімет тәуелсіз бұлақтардан расталған жоқ. Сирия шекарасында орналасқан Тәл Афар қаласында шетелден келетін жауынгерлер көп бекінеді. Бағдадқа кеше Иордания бас министрі Аднан Бадран келді. Саддам Хұсейн құлатылғалы бері бұл алғашқы араб басшысының сапары. Аднан Бадран басқа да араб мемлекеттерінің басшыларын Ираққа келіп кетуге шақырды.
XS
SM
MD
LG