Accessibility links

Ауғанстанда бір күнде төрт министр аман қалды


Ауғанстан қорғаныс министрі Абдұл Рақым Вардактың автокөлігіне кеше Қабул әуежайының маңында шабуыл жасалды, адам шығыны жоқ. Қорғаныс министрі атыс басталған кезде тікұшақпен ұшып бара жатқан, машинасында болмаған. Оқиғаға байланысты кемінде тоғыз адам қамауға алынды. Ауғанстанның Хелманд провинциясында АҚШ және Ауғанстан әскерлері шайқас барысында 30 "Талибан" жауынгерін өлтірді, кемінде 60 жауынгерді тұтқынға түсірді. Қабул маңында кеше, сол сияқты, тікұшақ құлады, онда отырған үкіметтің үш мүшесі мен ұлттық әскер штабының бастығы аман қалды, ешкімде қатты жарақат алған жоқ. Оқиға техникалық себептен орын алды деп жарияланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG