Accessibility links

Израиль әскері бүгін Газа секторынан шыға бастайды


Сөйтіп Израиль 38 жылдан соң бұл аймақтан кері шегінбек. Бірақ үкімет Газа секторындағы 25 синагоганың кейбіреуін қиратуға шешім шығарса әскер шығару бір күнге шегіндірілуі мүмкін. Тамыз айында еврей қоныстары шығарылған Газа секторында қазір үйлер қиратылып жатыр. Газа секторы мен Египет шекарасында Египет жасақтары орналастырылып жатыр. Израильмен жасалған келісім бойынша Египет жасақтары Газа секторына заңсыз әкелінетін қару жолдарына тосқауыл қоймақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG