Accessibility links

Джордж Буш Египет елінің басында 30 жыл отыратын елбасын жеңісімен құттықтады


АҚШ әкімшілігі Египетте өткен президенттік сайлауды саяси реформа барысындағы "маңызды қадам" деп сипаттады, бірақ науқан барысындағы қателіктер дер кезінде жөнделіп, қараша айында парламенттік сайлауда қайталанбаса жөн деп көрсетті. АҚШ президент Джордж Буш сәрсенбі күні жаңадан сайланған президент Хосни Мубаракка телефон шалып, жеңісімен құттықтады. Тәуелсіз бақылаушылар сайлау бөлімшелерінде бұрмалаушылық көп жасалды дейді. Елді мұның алдында 24 жыл басқарған Хосни Мубарактың негізгі қарсыласы, екінші орынға шыққан "Ғад" партиясының төрағасы Айман Нұр сайлау заңсыз деп сипаттады. Сайлау комиссиясы мұнымен келіспеді.
XS
SM
MD
LG