Accessibility links

АҚШ-тың оңтүстігіндегі су басқан қалада жүргізіліп жатқан іздестіру шараларында анықтала бастағанындай, кісі өлімі он мыңнан асады деген болжам шындыққа сәйкес келмейді


Нью Орлеан қаласының ішкі қауіпсіздік жөніндегі бөлім басшысы полковник Еббертің айтуынша, дауыл және су тасқынынан өлгендер саны болжамда айтылғанындай он мыңдаған емес секілді.

«Алғашқы зерттеу нәтижелеріне қарағанда, қаза тапқандар соншалықты көп емес, көбі кетіп үлгерген секілді», - дейді полковник.

Ал қазіргі ресми есеп бойынша, Нью Орлендағы өлгендер саны - 118 адам. Бұл арада құтқару шараларын сылбырт жүргізген деп айыпталған АҚШ федералдық төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік басшысы Майкл Браунды Вашингтонға қайта шақырып алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG