Accessibility links

Экстремистер Ирақтағы “шетелдік басқыншыларға” химиялық соққы беремін деп қорқытып отыр


ТАЛЬ-АФАР. Кеше АҚШ пен Ирақ армиялары Сирия шекарасына жақын Таль-Афар қаласының көшелерінде көтерілісшілермен шайқасты. 2 күндік шайқастың барысында 150-дей партизан оққа ұшып, 250-ге жуығы қолға түсті. Ирақ үкіметінің хабарлауынша, армия қаланың басым бөлігіне бақылау орнатты. Ирақ үкіметі, сондай-ақ, Сириямен арадағы шекараны жапты. Өйткені Таль-Афар – Ираққа өтіп жатқан шетелдік лаңкестердің ең басты панасы болып келді. Интернет желісінде шыққан мәлімдемесінде өзін “Әл-Қаида” ұйымының бір қанатымын деп көрсеткен топ Таль-Афардағы соғыс қимылдары 24 сағаттың ішінде доғарылмаса, шетелдік басқыншылар мен Ирақ армиясына қарсы “химиялық қару” қолданатынын ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG