Accessibility links

Уранды байыту өндірісін іске қосумен қатар Иран тағы 2 ядролық станса салмақшы


ТЕҺРАН. Иранның сыртқы істер министрі Манучер Моттақидің кеше мәлімдегеніндей, Теһран тағы 2 ядролық электр стансасын салуды жоспарлап отыр. Оның атап көрсетуінше, Еуроодақтың үндеуіне қарамастан, Исфахан қаласындағы уранды байыту кәсіпорны жұмыс істей береді. Аталмыш кәсіпорынды іске қосу туралы Иран өткен тамыз айында шешім қабылдап, соның салдарынан Еуроодақпен арадағы келіссөзі тоқтап қалды. Моттақидің мәлімдеуінше, Еуроодақ пен АҚШ-тың талабы бойынша Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілетін болса, бұл қадам “Теһран жағынан ескерусіз қалмайды”. Бірақ Иран министрі онымен нені айтқысы келгенін түсіндірмеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG