Accessibility links

Билік басындағы коалицияның парламент сайлауындағы жеңісі қаржы саудасына оң әсер етті


ТОКИО. Жексенбі күнгі парламент сайлауында премьер-министр Дзюньитиро Коидзуми бастаған партиялар коалициясының жеңіске жетуі осы елдің қаржы саудасына оң әсер етті. Коидзумидің Либералдық демократия партиясы мен “Комейто” партиясының коалициясы парламенттің төменгі палатасындағы 480 орынның 327-сіне ие болғаны мәлім болғанда, бүгін таңертең Токио биржасындағы акциялардың бағасы 1.8 пайызға қымбаттады. Енді парламенттегі 2/3 дауысқа ие болған билік басындағы коалиция кез-келген заң жобасын мақұлдап, көздеген реформасын іске асыра алады.
XS
SM
MD
LG