Accessibility links

“Әл-Қаида” АҚШ-тың Лос-Анжелес және Австралияның Мельбурн қалаларына шабуыл жасамақшы


ЛОС-АНЖЕЛЕС. 2001 жылдың 11-інші қыркүйегіндегі шабуылға 4 жыл толған күні “Әл-Қаида” ұйымы Батыс елдеріне тағы да қоқан-лоққылық көрсетті. Кеше АҚШ-тың Эй-Би-Си телеарнасы бетіне маска киген біреудің “Әл-Қаида” атынан АҚШ-тың Лос-Анжелес, ал Австралияның Мельбурн қалаларына террористік шабуыл ұйымдастырылатын мәлімдеген бейнесюжетті көрсетті. Телекомпания бұл бейнетаспаны Пәкістанда алғанын хабарлады. АҚШ үкіметі бейнетаспаны тексермекші. Интернеттегі ислам сайтынан шыққан бейнесюжетте “Әл-Қаиданың” Ирақтағы бөлімінің көсемі Әбу Мұсаб Әз-Зарқауиге ұқсаған адам АҚШ пен Ирақты Таль-Афардағы көтерілісшілерге қарсы улы газды қолданды деп айыптады. Оның мәлімдеуінше, АҚШ міндетті түрде жеңіледі.
XS
SM
MD
LG