Accessibility links

АҚШ-тың ресми өкілдері 6 жақты келіссөздің жаңа сатысына үмітпен қарайды


БЕЖИН. 5 апталық үзілістен кейін Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы 6 жақты келіссөз Бежинде бүгін қайта жалғасуға тиіс. 3 апта бұрын басталуға тиіс болған бұл келіссөзді Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың жыл сайынғы бірлескен әскери жаттығуының салдарынан Солтүстік Корея кейінге қалдырған болатын. 6 жақты келіссөздің соңғы сатысы ешқандай нәтиже бермей 7-нші тамызда аяқталды. Осы келіссөзге қатысатын АҚШ делегациясының жетекшісі К.Хилл 5 апталық үзілісті ресми Вашингтон “өте жемісті пайдаланды” деп мәлімдеді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG