Accessibility links

М.Аббас: “...тәуелсіз Палестина мемлекетін құру үшін әлі көп іс атқару керек”


ТАЯУ ШЫҒЫС. Палестиндіктер Газа аймағындағы бұрынғы еврей қоныстарына автономия туын тігіп, бос қалған еврей шіркеулері – синагогларды өртеп, қиратып тойлады. Кеше Израиль әскері өзі 38 жыл бойы үстемдік етіп келген Газа аймағын тастап шықты. Палестина лидері М.Аббас Газадан Израиль армиясының кетуін “тарихи оқиға” деп бағалап, тәуелсіз Палестина мемлекетін құру үшін әлі көп іс атқару керектігін атап көрсетті. Ал еврей шіркеулерінің өртелуін ол: “...Біз – мұсылманбыз. Діни рәміздерге қол тигізуге болмайтынын жақсы білеміз. Бірақ мұнда синагога бола алатын, бірақ діни рәміздері алынған ғимараттар қалды”, деп атап көрсетті. Дегенмен де Израиль өкілдері синагогалардың қиратылуына наразы болып отыр.
XS
SM
MD
LG