Accessibility links

Ирақта қантөгіс қайта өршіді: Бағдадта 12 адам қаза тапты, басым көпшілігі - әйелдер


БАҒДАД. Ирақ астанасында жаңа террористік қастандық жүзеге асырылды. Кеше кешкісін қала халқы көп баратын мейрамханада бомба қойылған автокөлік жарылды. Кем дегенде 12 адам қаза болды, басым көпшілі - әйелдер. Ирақтың батысындағы Таль-Афар қаласында көтерілісшілерге қарсы АҚШ пен Ирақ армиясының ірі операциясы жалғасуда. Ирақтың қорғаныс министрлігі өкілінің хабарлауынша, соңғы 2 тәулік ішінде 157 партизанның көзі жойылып, 291-і қолға түскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG