Accessibility links

“Катрина” дауылынан туған апат құрбандарының ресми саны 500-ге тақады


НЬЮ-ОРЛЕАН. Кеше АҚШ-тың төтенше жағдайлар бойынша федералдық агенттігінің директоры Майкл Браун қызметінен кетті. Ол - “Катрина” дауылынан апатқа ұшыраған аймақтарға дер кезінде көмек бермегені үшін өткір сынға тап болған-ды. Ал осы күні президент Дж.Буш дауылдан әсіресе қатты зардап шеккен Нью-Орлеан қаласындағы ахуалмен танысты. Дж.Буш федералдық билік негізінен қара нәсілділер тұратын Нью-Орлеанға көмекке қасақана асықпады деген пікірді жоққа шығарды. Сапар соңында Дж.Буш федераллдық үкімет Луизиана штатының губернаторымен және Нью-Орлеан әкімімен қоян-қолтық жұмыс істейтін болады деп сөз берді. Ресми мәлімет бойынша, Нью-Орлеан қаласы мен Луизиана және Миссисипи штаттарында құрбан болғандардың саны 500-ге тақады.
XS
SM
MD
LG