Accessibility links

“Катрина” дауылы құрбандарының саны кенеттен 45-ке ұлғайып, 500-ден асты


НЬЮ-ОРЛЕАН. АҚШ-та “Катрина” дауылынан апатқа ұшыраған Нью-Орлеан қаласындағы ұмыт қалған бір ауруханадан 45 адамның мәйіті табылған соң, апат құрбандарының саны 500-ден асты. Әйтсе де құрбандардың саны 10 мыңнан асуы мүмкін деген бастапқы есептен әлдеқайда аз. Бұл аурухана - президент Дж.Буштың Нью-Орлеанға 2 күндік сапармен келіп қайтуының ізінше аңғарылып отыр. Кеше Дж.Буш төтенше жағдайлар бойынша федералдық агенттіктің апатқа ұшыраған аймақтарға көмекке тым кеш келгені үшін өткір сынға қалған директоры М.Браунды қызметтен босатып, оның орнына басқа тұлғаны директордың міндетін атқарушы етіп тағайындады.
XS
SM
MD
LG