Accessibility links

Баспасөзге шолу. 09.13.2005 жыл


Сейсенбі күні Қазақстанда жарық көрген басылымдардың басым көпшілігі Астана қаласында өткен Азаматтық форум онда Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзі, жасаған мәлімдемелеріне ерекше назар беріпті.

«Айқын» басылымы өзінің сейсенбілік санын осы Азаматтық форумға арнап «Парламентте үшінші палата құрылатын болды» деген тақырыппен газет тілшісі Айхан Шәріптің көлемді мақаласын жариялапты. Газет тілшісінің жазуынша президент Н.Назарбаев алдағы президент сайлауын ашық та әділ өткізу керектігі жөніндегі айтқан уәдесіне сай құқық қорғау органдарына да ерекше міндет тапсырма беріп отыр яғни олар бұдан былай ел заңдарының сақталуын қатаң қадағалауға алмақшы. Н.Назарбаев Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері алдында: «бұл айтқан сөзімді жақсылап тұрып тыңдап, түсініп алғандарыңызды қалар едім өйткені артынан бос өкпелеу болмауы үшін. Кімде кім мемлекет заңнамасын аяққа таптауға бой ұрса оны тоқтатуға бағытталған іс қимылдар адам құқықтары мен бостандыққа қол сұғу деп есепелмейді» деп мәлімдеген. Сондай ақ президент мемлекет пен қоғамдық ұйымдар 9 стратегиялық бағыт бойынша тізе қосып жұмыс жасауы қажеттігін атай келе үкіметтік емес ұйымдарға осы миссияларын орындау үшін парламенттің төменгі палатасы жанынан яғни мәжіліс жанынан «қоғамдық эксперттер палатасы» құрылатын болды деп жазады «Айқын» басылымы.

Ал осы Азаматтық форум жайын сөз еткен «Экспресс-К» басылымы сейсенбілік санында президенттің үкіметтік емес ұйымдарға қолдан келген барлық жәрдемін көрсетуге уәде еткенін ал осы үкіметтік емес ұйымдар өз кезегінде дамыған, күшті Қазақстан мемлекетін құруға аянбай қатысулары керектігін тапсырғанын жазыпты. Газет тілшісі Вдадислав Шпаков Н.Назарбаевтың Астанада өткен Азаматтық форумда сөйлеген сөзі мен биылғы жылы ақпан айында оның халыққа арнаған жолдауында қандайда бір ұқсастықтың бар екендігін айтады. Мемлекет басшысы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қаржыландыруға бұдан былай көп көңіл бөлетіндігін айтты яғни соңғы жылдары бұл мақсатқа деп аймақтық бағдарламаларға 173 миллион теңге бөлінсе ал министрліктер тарапынан 300 миллион теңгенің қаржысы бөлініпті жазады «Экспресс-К» газеті.

«Жас Алаш» басылымының сейсенбілік санында жарық көрген газет тілшісі Шыңғыс Мұқан «Биліктің аузындағы қай өсім» деген тақырыппен экономика мәселесін қозғаған мақаласында кейінгі кезде билік халықты алдаудың тағы бір құралын ойлап тапты, шетелдің көбінесе ресейдің экономикалық сарапшылары ауызымен Қазақстанды мақтатып жүр. Солардың бірі өткенде Қазақстан барлық көрсеткіштері бойынша Ресейге жақындап қалды деп соқты. Ал бір ғана мысалға жүгінер болсақ БҰҰ ның дүниежүзі елдерінің 2005 жылғы адамзат дамуы жөніндегі баяндамасында әлемдегі 177 елдің ішінде Қазақстан 80-орынға табан тіресе Ресей көп алда 62-ші орында ал Беларусьтің өзі адамға жағдай жасау жағынан көш ілгері деп жазады газет тілшісі. Беларусь әр азаматын медициналық қызметпен қамтамасыз етуге жылына 583 доллар жұмсаса ал Қазақстан бұдан екі есе аз қаржы жұмсайды бұнша байлыққа ие болып отырған Қазақстан үшін бұл өте аз көрсеткіш сонда билік кімді алдығысы келеді дейді «Жас Алаш» басылымы.

«Литер» басылымы сейсенбілік санында өткен жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысының Леңгір ауданында болған төтенше оқиға туралы жазыпты. Шымкент қаласы сондай ақ Сайрам және Төлеби аудандарында орналасқан жанар жағармай стансылары кассаларында жиналған ақшаны алып келе жатқан екі инкассаторларға жол бойында қарақшылық шабуыл жасалып екеуі де қарақшылар қолынан қаза болған. 5 миллионға жуық теңгені олжалаған қарақшылар іздерін суытып кеткен. Осы оқиғаға байланысты арнайы топ құрылып қарақшылардың кімдер екендігін анықтау оларды құрықтау жұмыстары жүріліп жатыр деп жазады «Литер» басылымы.

Бұл оқиғаға назар аударған «Айқын» басылымы да дәл осындай оқиғалардың соңғы кезде жиілеп кеткендігін яғни ақша айырбастау орындары мен инкассаторларға шабуыл жасаудың жер жерде орын алып отырғандығына тоқталыпты. Бәлкім бұған инкассаторлар мен қарулы күзетшілердің өз істеріне селқос қарауы, бейғам жағдайда жүруі де себеп болып отырған жоқ па дейді «Айқын» басылымы.
XS
SM
MD
LG