Accessibility links

"Хамас" тобы шабуылдарымызды қайта бастаймыз деп ескертті


Палестиналық "Хамас" тобы Израиль Батыс Жағалау аймағы мен Иерусалим қаласынан кетпесе шабуылдарымызды қайта бастаймыз деп ескертті. Топ басшысы Махмұд Захар бұл мәлімдемесін кеше Газа қаласында үлкен жиында айтты. Мыңдаған халық Газа қаласының орталығында жиналып, Израиль әскерінің Газа секторынан кеткенін тойлады. "Хамас" тобының мәлімдемесінің алдында Палестина президенті Махмұд Аббас Газа секторында тәртіп орнату шаруасын өз қолыма аламын, ешбір қарулы аласапыранға жол бермеймін деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG