Accessibility links

ЕҚЫҰ ұйымын реформалау жайында Ресей кіргізген ұсыныстар қабылданбады


АҚШ делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын реформалау жөнінде Ресей делегациясы кіргізген ұсыныстарды қабылдамады. Мәселе кеше ұйымның Вена қаласындағы бас кеңсесінде қаралды. АҚШ делегациясының басшысы Джули Финлей ұйымның негізгі принциптері өзгермеу керек деді. Ресейдің бір ұсынысы – сайлау қортындылары ұйымның барлық 55 мүшесі өкілеттік ететін Тұрақты кеңесінде қаралсын, сосын ғана жариялансын дейді. АҚШ және басқа батыс елдерінің делегациялары Тұрақты кеңестің шешімдері әдетте бірауыздан қабылданады, сондықтан сынға алынатын мемлекет осы жағдайды өз пайдасына бұрып жіберуі мүмкін дейді. Ресей делегациясы кіргізген ұсыныстар одан ары талқыланбақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG