Accessibility links

БҰҰ-ның жиынына 150 шақты патша, президент және бас министр жиналмақ


БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзат дамуы, адам құқықтары, терроризм және ғаламдық қауіпсіздік мәселелері жайында ортақ келісім білдіретін декларацияны қабылдады. Декларация бүгін басталатын БҰҰ жылдық саммитінде жарияланады деп күтіліп отыр. Жылдық саммитке шығарылып отырған декларацияда терроризм және ядролық қаруды таратпау мәселелері жайында, Адам құқықтары жайындағы комиссиясының мәселесі жайында даулы жағдайлар егжей-тегжейлі жазылмаған. Бас хатшы Кофи Аннан декларация ойдағыдай шықпаса да, ұйым шеңберінде 191 мемлекетке тіл табысуға септігін тигізеді деп сипаттады. Үш күнге созылатын жылдық жиын биыл БҰҰ-ның 60 жылдығына орайластырылды. БҰҰ-ның Нью-Йорктағы бас кеңсесіне 150 шақты патша, президент және бас министр жиналады деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG