Accessibility links

АҚШ Гүржістандағы кедей аудандардың дамуы үшін 300 мнл долларлық қаржы көмегін бермек

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың пікірінше, бұл көмегімен, АҚШ Гүржістандағы тұрмыстық жағдайы нашар 100 мыңдаған адамға қолдау көрсетпек.

Сонымен, АҚШ пен Гүржістан жаңа мыңжылдық басында өзара серіктестікті нығайту мақсатында өзара көмек шартына қол қойып отыр. Гүржістандағы Раушангүл саяси төңкерісін АҚШ кезінде барынша қолдап-қуаттағандығы белгілі. Ондай төңкерістер кейін Украина мен Қырғызстанда жалғасын тапты. Ондай төнкерістен шошыған Өзбекстан мамыр айындағы Әндіжан көтерілісі кезінде мыңдаған адамын құрбан етті. АҚШтан аулын алыстату үшін Ханабад әуе алаңындағы АҚШ ұшақтарын кері қайтарды. Бірақ АҚШ бұрыңғы советтік аймақтағы өз саяси билігінен үміт үзгісі келмейтіндігін білдіріп-ақ отыр.

АҚШ Гүржістанға қазірдің өзінде инфра құрылымдар үшін 295 млн. 300мың доллар грант беріп отыр. Бірақ бұл көмек бір реттік, қысқа мерзімдік науқандық жәрдем болып қалмас па екен?

Нью Йоркта болған көмек шартына қол қою рәсімінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс ханым бұл көмек гранты шарты ұзақ мерзімге бағытталған, дейді.

- Гүржістан заң ережесі жолын таңдап, тәуелсіз БАҚна ие, еркін экономикалық даму бағытына түссе онда екі ел арасындағы өзара серіктастік байланысы барған сайын нығая бермек,- деген Кондолиза Райс.

Атап айтқанда ол 300 млн доллар Гүржістандағы қай салаларға жұмсалуы мүмкін?

Алдымен, оңтүстік аймақтағы Самцхе-Джавахети бағытымен 245 шақырымдық жол салынбақ. 2- жоба бойынша Ресейден бастау алатын мұнай-газ құбыры жатқызылмақ. Сондай-ақ, Тбилиси маңайындағы су жүйесі, канализация, жол тармақтары тағы бар.

Кондолиза Райстың айтуынша, бұл көмек жобасынан әсіресе кедей аймақтар табысты болмақ.

- Төте жолдардың құрылысы нәтижесінде Тбилиси айналасындағы жол қозғалысы 43 пайызға дейін қысқаруы мүмкін. Бұл дихан, шаруалардың өз өнімдерін дер кезінде тұтынушыға жедел жеткізуіне, әлеуметтік қызмет орындарының көбеюіне алып келеді, - дейді мемлекеттік хатшы.

Алынған соңғы мәліметтерге қарағанда, көлік жолы және мұнай-газ құбырларын жатқызу дайындық жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен. Бірақ негізгі үлкен жұмыс алдағы көктемде іске аспақ.

АҚШ осы кезге дейін мұндай бағдарламамен 4 мемлекетпен шартқа отырыпты. Дегенмен оған АҚШ Конгресі сынмен қарайды екен.

Президент Саакашвили ол шартқа қол қою салтанаты кезінде, біз сыбайлас жемқорылқ және бюрократиямен күрес барысында мұндай шарт қажет екендігі айқын, деген.

- Демократия бағытындағы елге, БАҚ ры, саяси ұйымдар, азаматтық қоғам, жалпы халықтық талаптар үшін бұл қажеттілік жағдай десе болады, - дейді Гүржістан президенті.

Саакашвилидің пікірінше, бұл көмектің игі нәтижсі болары сөзсіз.

- Еліміз түгелдей қайта құру үдерісін бастан кешуде. Жолдар түгелдей жаңалануды, энергия жүйесі реттелуде. Жаңа аурухана, мектеп, ирригация жүйесі қажет, - дейді Гүржістан президенті.

Қазірдің өзінде астанадан сырт аймақтағы өндіріс орындары үшін кемінде 32 млн долар, ал фермерлер мен дихандарға 15 млндай доллар қаржы қажет екен.

Рас, бұған дейін де халықаралық көмек ретінде Гүржістанға жүздеген млн қаржы келген, бірақ ол қаржы сыбайлас жемқорлардың көмейіне құйылып кеткен. Гүржістан бұрыңғы советтік аймақтағы коррупцияға белшесінен батқан елдердің бірі еді. Міне енді АҚШ-тың көмегімен сол сыбайлас жемқорлықты жоямыз ба деген ниет қаншалықты іске асар екен, оны болашақ көрсете жатар. Ал әзірше, АҚШ-тың бұл Мыңжылдық жобасына Конгресc 2 жарым млрд доллар қаржы бөлуге келісім беріп отырған сықылды.
XS
SM
MD
LG