Accessibility links

Алматы туристік ұйымдар қауымдастығы елде туризм министрлігі құрылуы тиіс дейді


Қазақстанға туризм министрлігі керек. Сәрсенбі күні Алматы туристер қауымдастығын өкілдері осындай мәлімдеме таратты. Олардың айтуынша, соңғы 4-5 жылда туристер алдындағы өз міндеттемелерін орындамайтын туристік фирмалар көбейген. Соның салдарынан осы уақыт аралағында 1000-ға жуық қазақстандық шетелге демалуға барып, өз мерзімінде елге қайта алмай қалған.

Мысалы, Алматы туристік ұйымдар қауымдастынығың мәліметтеріне қарағанда, 2002-2003-ші жылдары «Сити-лайн» компаниясы Тайландта 100 адамды қалдырып кеткен. 2004-ші жылы «Бриз» компаниясы Мысырдан қайтқан туристер алдындағы міндемелерін ұмытып, қазақстандықтар елдеріне 5 күнде жеткен. Ал биылғы жылдың жазында «Цатур» компаниясы Анатлияға бір жолы 200-ден астам туристер тобын әкелуге ұшақты айтарлықтай кеш жіберсе, келесі жолында 300-дей адамды қайтып әкеле алмайтындығы біле тұра жіберген. Мұндай заңсыздықтар Қазақстанда тенденцияға айналып отыр дейді, «Қоғамдық қорғау» ұйымының заңгері Алия МАТАЕВА:

«Анталияға барғандардың 70 пайызы – алматылықтар. Оларды туристік компания қалдырып кеткен. Туристер 3 күн бойы әуежайда ақшасыз қалған. 2 жыл бұрын тағы осындай оқиға болды. Бір әуекомпаниясы біздің туристерден барып-қайтатын жолдың ақшасын толық алып, оларды сол жақта қалдырып кеткен».

Оның айтуынша, бүгінде жапа шеккен туристердің мәселесі сот орындарында қаралуда:

«Сотта мәселелері шешілуде. Қаржы полициясында «Астма», «Южный» деген компанияларды тексеріп, олардың лицензиялары дұрыс па, дұрыс емес пе, соған жауап беруі керек».

Туристік компаниялардың өз жұмыстарына ат үсті қарап, өрескел заңсыздар жіберуі ең алдымен мемлкеттік имиджіне нұқсан келтіреді дейді Алматы туристік ұйымдар қауымдастығының президенті Нұржамал ҚАЙСЕНОВА:

«Мынаны қараңызшы: Анталияда 150 адам 2-3 күн әуежайда тұрды. Ал күніне Анталияда 120-130 ұшақ ұшады. Ол жерде қаншама мемлекет, ұл өкілдері жүр. Олар біздің туристерді көрмей ме? Бұл деген антижарнама ғой. Егер біз CNN-ге 200 мың доллар беріп, жарнама жасасақ, сол бір ғана оқиға соның барлығын құртып жібермей ме?!»

Оның пікірінше, бүгінде мұндай кері жарнама емес, керісінше Қазақстанды туристік мемлекет ретінде танытатын жарнамалар қажет. Ал Қазақстанда туристерді тартатын көркем жерлер жеткілікті. Егер біз осындай маржандарымызды әлемге таныта білсек, бізге ешқандай мұнай долларлары қажет болмай қалады дейді туризм маманы Василий РЕЗВАН:

«Мен сіздерге айтайын, Қазақстан бюджетінің 20 пайызын туризм бере алады. Мысалы, егер біз жылына 6 миллион адам қабылдасақ, онда бұл істен бюджетке 6 миллиард доллар түседі. Бірақ бүгінде ешкімнің мұнымен айналысқысы жоқ. Одан гөрі мемлекеттік орындарда қағаз сатып, бір сәттік пайда тапқанды жөн санайды. Ал ұзақ жылдарғы пайдаға бас қатырғылары келмейді», - дейді Василлий Резван.

Туризм мамандары мұндай тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – туризм саласын реттейтін арнайы министрлік боулы керек деген қорытындыға келіпті. Бұл органға тек шынайы мамандар ғана кіруі тиіс дейді Алматы туризм қауымдасытығының президенті Нұржамал Қайсенова.

Индустрия және сауда министрлінің мәліметтеріне қарағанда, соңғы жылдары Қазақстанда туризм қарқын ала бастаған. Алайда, былтырғы жылы Қазақстаннан шығу туризмі 64 пайызға өссе, елге келу туризмі небәрі 19 пайызға артқан.
XS
SM
MD
LG