Accessibility links

Әл-Зарқауи Ирақ шиитеріне қарсы "жаппай соғыс" жариялады


"Әл-Қаида" ұйымының Ирақтағы басшысы Абу Мұсаб Әл-Зарқауи Ирақ шиитеріне қарсы "жаппай соғыс" жариялаймын деді. Абу Мұсаб Әл-Зарқауи мәлімдемесін интернетте аудиожазба арқылы таратты, араб сұннитерін Ирақ шиитеріне қарсы соғысуға шақырды. Мұның алдындағы мәлімдемесінде "Әл-Қаида" Бағдадта кеше жасалған бомба шабуылдарын мойнына алды. Бірінен соң бірі жасалған шабуылдардан кемінде 150 адам қаза тапты, 500 ден астам адам жараланды. "Әл-Қаида" осылайша Тәл-Афар қаласындағы науқанда АҚШ және Ирақ сарбаздары тарапынан өлтірілген жолдастарымыз үшін кек алып отырмыз деді.
XS
SM
MD
LG