Accessibility links

Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының жылдық жиыны одан ары жалғасады


Сәрсенбі күні, саммиттің бірінші күнінде негізінен терроризм мәселесі талқыланды. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан кіріспе сөзінде әлем басшыларын терроризмге қарсы күрес мәселесінде тың ұсыныстарды кіргізуге шақырды. АҚШ президенті Джордж Буш экономикалық жағдайды жақсарту, демократияны кеңінен орнату әлем қауымдастығын бейбітшілікке бір табан жақындатады деді. БҰҰ-ның 60-жылдығына орайластырылып отырған жиында бүгін кешке Ресей президенті Владимир Путин, Ирақ президенті Жалал Талабани, Беларус президенті Александр Лукашенко, Грузия президенті Михаил Саакашвили және Украина президенті Виктор Ющенко сөйлейді деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG