Accessibility links

Ирақта күш қолданулар одан әрі жалғасып, 130-дай адам қаза болды


Көлік мінген жанкештінің негізінен шиилер тұратын Бағдаттың солтүстігінде жасаған бомбалық жарылысынан кем дегенде 100 адам қаза болып, 162-сі жараланған. Бұл жерде жұмыссыздардың қалың тобы жұмыс іздеу үшін шоғырланып тұрған екен. Шығындар саны бұдан да асып түсуі мүмкін, дейді полиция. Бұдан бұрын әскери форма киген шабуылшылар Бағдаттың солтүстігінде 17 адамды жер жастандырған болатын. Ел астанасындағы басқа да шабуылдар кесірінен кем дегенде тағы 12 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG