Accessibility links

Алматыда Еуразиялық парламенттік бірінші форум өз жұмысын бастады

  • Досан БАЙМОЛДА

Қыркүйектің 15-күні Алматыда Қазақстан Парламенті Сенаты мен Еуропа кеңесі парламенттік ассемблеясының көші-қон, босқындар және демография мәселелері жөніндегі комитетінің бірлесіп ұйымдастырған көші-қон мәселесіне арналған бірінші Еуразиялық парламенттік форумы өз жұмысын бастады. Форумды ұйымдастырушылардың айтуларынша форум өткізудің мақсаты – Еуразия құрылығындағы барлық елдердің мүдделеріне ықпал ететін жалпы аймақтық мәселеліер мен көші-қон проблемалаларына Еуропа Кеңесіне мүше елдердің назарын аудару.

Форумға Еуропа кеңесі парламенттік ассемблеясына мүше 20-дан астам мемлекеттердің парламент депутаттары, ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламентаралық ассемблеясына мүше мемлекеттердің ұлттық парламенттерінің мүшелері сондай ақ Халқаралық көші-қон ұйымы, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссарының, ЮНЕСКО ның өкілдері сонымен қатар Қазақстанның көші-қон мәселелеріне қатысты тиісті министрлік пен мекемелердің басшылары және шетелдік дипломатия өкілдері қатысып отыр.

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев өзінің беташар сөзінде Қазақстан демократиялық дамудың қағидаларын ұстанатынын, көші-қон және босқындар проблемаларын шешудің негізін құрайтын мәселерге ерекше назар аударатынын атап өтті.

Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Майкл Чанцтың айтуынша Орталық Азия аймағында орналасқан кейбір мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың емен еркін өтуі қиынның қиыны. Мысалы, Өзбекстаннан басқа бір мемлекетке өту үшін бірқатар тексеру пункттерінен сүрінбей өту керек, содан болып азаматтар көп жағдайда заңсыз жолмен шекараны бұзып өтуге барады.

Ал экономикалық жағдайы көршілеріне қарағанда анағұрлым жақсырақ Ресей мен Қазақстанға көбінесе Қырғызстан,Тәжікстан және Өзбекстаннан еңбек мигранттары ағылуда. Олар бұл елдерде көбінесе ең ауыр, ең лас жұмыстарды істейді. Бірақ кейде оларға дұрыс еңбекақы төленбегені былай тұрсын, оларды құл ретінде ұстау оқиғалары да кездеседі. Қазақстанда бүгінгі күні 300 мыңдай еңбек мигранттары жүр. Оларды қорғайтын заң әлі қалыптасқан жоқ дейді ол. Қазақстан парламенті сенатының мүшесі Қуаныш Сұлтановтың айтуынша Қазақстанда 1997 жылы қабылданған «Көші-қон туралы» заңды қайта қарау оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отрғандықтан парламент алдағы уақытта осы заңды қолға алуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG