Accessibility links

Нью-Орлеан қаласы қалпына оралып келеді


"Катрина" дауылынан зардап шеккен Нью-Орлеан қаласының бизнес-орталығы мен Френч Куартер деген тарихи орталығы осы демалыс күндері қайтадан ашылмақ. Қала әкімі Рей Нагин Нью-Орлеан байыпты түрде өз қалпына оралып келеді деді. Қала әкімі бизнес орталықтарда жеке кәсіпорындар сенбі және жексенбі күндері қайта ашыла бастайды деді. Ресми орындар 29 тамыз күні соққан "Катрина" дауылынан ұзын саны 700 адам қаза тапты деп отыр. Нью-Орлеан қаласында қаза тапқан азаматтардың мүрделері әлі іздестіріліп жатыр. Екінші қазанға таман қаладан су толық шығарылмақ.
XS
SM
MD
LG